СІМ-де жойқын жер сілкінісі болған Мароккодағы қазақстандықтардың жағдайы жайлы айтты

Автор: Аманалина Тоғжан

Мароккода 30-дан астам Қазақстан азаматы тұрады

Фото ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров дәстүрлі брифингте Мароккодағы қазақстандықтар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір Мароккода 30-дан астам қазақстандық тұрып жатыр. Олар зілзаладан зардап шекпеген, бәрі дін аман.

«Мароккода Қазақстанның елшілігі бар. Онда 30-дан астам жерлесіміз тұрып жатыр. Бәрі аман-есен. Зілзаладан зардап шеккен және қайтыс болғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Мароккода 8 қыркүйек күні кешке магнитудасы 6,9 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, зілзала салдарынан құрбан болғандар саны 3 мыңға жуықтаған.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ