Ресейде апаттық жағдайда қонған ұшақта қазақстандықтар болды ма - СІМ жауап берді

Автор: Аманалина Тоғжан

Айбек Смадияров ресми ақпарат түспегенін айтты

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров дәстүрлі брифингте Ресейде апаттық жағдайда қонған ұшақтағы қазақстандықтар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ұшақта қазақстандықтардың бар екені жайлы бізге ақпарат келіп түспеді», - деді Айбек Смадияров.

Новосибирск облысында «Урал әуекомпаниясының» ұшағы апатты жағдайда қонды. Оның бортында қазақстандықтар болғаны жайлы ресейлік БАҚ хабарлады. ⠀

Убинский ауданына қонған борт «Сочи-Омбы» бағыты бойынша ұшқан. Нақтыланған мәліметтер бойынша бортта 167 адам болған.⠀

Алдын ала ақпарат бойынша, әуе кемесі дабыл қағып, содан кейін радардан жоғалып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ.⠀

«Ұшақтың бортында 159 жолаушы болды, оның ішінде 23 бала, 6 экипаж мүшесі. Оқиғаның себептері мен мән - жайлары анықталып жатыр», - деп хабарлады құтқарушылар.⠀

Baza телеграмма-каналының ақпараты бойынша, ұшақта Қазақстанның төрт азаматы болған.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ