Қызылордада қатты желден сауда үйінің шатыры ұшып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқыс оқиғадан адамдар зардап шеккен жоқ

видеодан скриншот

Қызылордада қатты желден сауда үйінің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жалпы аумағы 180 шаршы метр болатын жабын жақын маңдағы мекеменің ауласына құлап, екі көлікті басып қалды. Оқыс оқиғадан адамдар дін аман.

Жалпы кеше аймақта қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге жеткен. Мамандар күні бұрын тұрғындарға SMS арқылы дабылды ескерту жасаған, деп жазады qazaqstan.tv.