Екі жасар бала үйде жалғыз болған
Шымкентте ата-ана қарауынсыз қалған бала төртінші қабаттан құлап кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
11 қыркүйекте сағат 01:29-да қала тұрғынынан «112» нөміріне көппәтерлі үйде төртінші қабаттағы ашық терезенің жанында кішкентай баланың жылап тұрғаны туралы хабарлама түскен.
Ата-анасы баланы пәтерде қараусыз қалдырғаны белгілі болды. Ол терезеге көтеріліп, әйнекті ашып, қатты жылап, анасын шақырған.
Келген құтқарушылар апаттық-құтқару құралының көмегімен есікті ашты.
Үйде жалғыз қалған екі жасар бала қорқып, анасын табуға тырысқаны белгілі болды.
Неліктен ата-ана баланы жалғыз қалдырғанын полиция қызметкерлері анықтайды.