Клубта толығымен тінту жүргізілді
Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Синтетикалық есірткінің дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған», - делінген хабарламада.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген, алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.