Ақмола облысында жол апатынан 9 жасар қыз қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында жол апатынан 9 жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, жол апаты Целиноград ауданы аумағында «Астана-Қорғалжын» тасжолының 54 шақырымында болған.

Анықталғандай, Қорғалжын бағытында жүріп бара жатқан ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі (Астана қаласының 38 жастағы тұрғыны) рульге ие бола алмай көлік жолдың шетіндегі жыраға аударылған. Жол апатынан алған дене жарақатынан 9 жасар қыз Целиноград аудандық ауруханасында көз жұмды.

«Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.