Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған
Қызылорда қаласындағы саяжайлардың біріндегі тұрғын үйден 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінен.