Қазақстанда қауіпті вирус жұқтырғандар саны 120 адамға жетті
27 наурыз сағат 07:50-гі жағдай бойынша Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 47 адамға жетті деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Яғни, бүгін түнде олардың қатары тағы 7 адаммен толыққан.
Осылайша, Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған адамдардың саны 120-ға жетті.
- Нұр-Сұлтан – 60
- Алматы – 47
- Қарағанды – 4
- Шымкент – 2
- Ақмола облысы – 1
- Алматы облысы – 1
- Ақтөбе облысы – 1
- Жамбыл облысы – 3
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1
Еске салайық, кеше елорда ауруханасында коронавирус жұқтырған 1956 жылғы науқас әйел көз жұмды. Сондай-ақ, тағы екі адам аталған індеттен толығымен айығып, ауруханадан шықты.