Марқұм 64 жаста болған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жұқпалы індеттен қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтып, өзінің. Twitter-парақшасында жазба қалдырды.
«64 жастағы әйелдің қайтыс болуы вирустың қауіптілігін және карантинді сақтаудың ерекше маңыздылығын көрсетеді. Мен туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Астанада және Алматыда карантиндік шараларды күшейту, сондай-ақ Шымкентте шектеу енгізу туралы шешім қабылданды», - деп жазды ол
Ал, Денсаулық сақтау министрлігі марқұмның неден қайтыс болғанын хабарлады.
«Екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, қант диабеті, гипертониялық ауру және атеросклероз аясындағы сепсис. Пневмонияның себебі – коронавирус», - делінген ресми ақпаратта.
Пациент Ақмола облысынан, тұрғылықты жері бойынша Нұр-сұлтан қаласында орналасқан облыстық ауруханада жатқан.
«Бұл географиялық жағынан Нұр-Сұлтан қаласы, тіркеу жағдай бойынша осы өңір. Біз сондай-ақ, осы жағдайды Ақмола облысына жатқызып, біздің медициналық статистикаға сәйкес келтіреміз. Осыған байланысты, ертең брифингте қосымша түсініктемелер беріледі», - деп хабарлайды министрлік.