Ол адамның кім екені анықталды
Ақмола облысында зейнеткерге көпқабатты үйдің кіреберісінде бұзақы дене жарақатын салған, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны бұзақылық фактісі туралы өтініш білдірген. Қарт адам сағат 17:00 шамасында көпқабатты үйдің кіреберісінен мас күйде белгісіз ер адам дене жарақатын салғанын хабарлаған», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген. Сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұзақылыққа қатысы бар адамды анықтады. Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.