Қаратұрын кен орнындағы өрт әлі өшпеген

Автор: Аманалина Тоғжан

Экологтардың айтуынша, метан деңгейі тиісті нормадан асып кеткен

Маңғыстау облысы Қаратұрын кен орнындағы өрт әлі өшпеген. Оның жанып жатқанына екі айдан асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аймақтың экология департаменті мамандары ауаның ластану деңгейін тексерген. Қазірдің өзінде апат орнындағы ауа талдаулары метанның шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткенін көрсеткен, деп жазады qazaqstan.tv.  

Мамандар өртеніп жатқан аумақтың атмосферасын жиі тексеріп отырғандарын айтты. Өрт оқшауланғаннан кейін ғана апаттан келген шығын көлемі есептеледі деді. 

Видео: Маңғыстау облысының әкімдігінен