Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жеңіл көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, 22 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Ақтөбе қаласы Ө.Сейітов көшесінде ВАЗ–2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.

Салдарынан ВАЗ-да болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сол көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.