Жыл басынан бері елімізде 198 адам суға батып кеткен

Автор: Аманалина Тоғжан

Оның 57-сі бала

Фото: ҚР ТЖМ

Түркістан облысында шомылуға тыйым салынған 111 жер бар. Жыл басынан бері аймақтың су айдындарында 52 төтенше жағдай тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кешегі оқиғаны есепке алмағанда, облыста 10 адам суға батып мерт болған.

Судағы оқыс жағдайлардың ел бойынша статистикасы көңіл көншітпейді. Жыл басынан бері 198 адам суға батып кеткен. Оның 57-сі бала. Төтенше жағдайлар барысында 190 адам құтқарылды. Олардың 64-і кәмелет жасына толмағандар, деп жазады qazaqstan.tv.