Тағы 3 адам ауруханада жатыр
Қызылорда облысында «Ақшабұлақ» кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында “Ақшабұлақ” кен орнында цистерна жарылып, өрт болды. Салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды», - делінген полиция хабарламасында.
ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән – жайлар анықталуда.