Павлодарда екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті

Автор: Аманалина Тоғжан

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда алты адам жол апатында зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 20:30 шамасында Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 97/1 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратқа қарама-қарсы «Lada Granta» және «Mercedes» маркалы автокөліктер соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lada Granta» автокөлігінің жолаушылары – екі бала мен екі ересек адам, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

Автокөліктер айып тұрағына қойылды. 

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.