ТЖМ азаматтарды туристік серудендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Алматы облысындағы Шарын шатқалында жартастан домалап кеткен Ресей азаматы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылғы 20 тамызда түнгі сағат 02.00-ден бастап құтқарушылардың күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын шатқалында жартастан домалап түскен», - делінген хабарламада.
Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 07.17-де әйел адам құтқарылды.
ТЖ министрлігі азаматтарды туристік серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.