12 жастағы кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді
Павлодарда мектеп оқушысын көлік қағып кетті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Nissan маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші Абай - Луначарский көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелімен жүріп келе жатқан велосипедшіні қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жеткіншек жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіледі», – деді департаментте.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.