Жарылыстың себебі анықталып жатыр
Махачкаладағы жанармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 27-ге дейін өсті, деп Azattyq Ruhy ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға салдарынан барлығы 102 адам зардап шекті. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі үйінділерді талдау және олардың астынан зардап шеккендерді іздеу жалғасып жатқанын хабарлады. Оқиға орнында із кесуші иттер де жұмыс істеп жатыр.
Өңір басшысы Сергей Меликов атап өткендей, қаза тапқандардың арасында үш бала бар. Ол сондай-ақ, оқиғаның себептері анықталып жатқанын айтты.
«Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізеді, оның қорытындысы бойынша әділеттіліктің орнауы, дағыстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндік жасалады», - деп жазды Меликов.
Ол Махачкаладағы жанармай құю станциясындағы жарылыстан кейінгі жедел қызметтердің арқасында көптеген адамның өмірі құтқарылғанын, алғашқы жарылыстан аман қалған жанармай цистерналарының жарылмағанын айтты.
Авторы: Аягөз Құрмаш