Жыл басынан бері терезелер мен балкондардан 134 бала құлады - ТЖМ

Автор: Аягөз Құрмаш

Оған себеп-балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы

Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері оқиғалардың ең көп саны Қарағанды облысы (20), Астана қаласы (19), Қостанай (12) және Кызылорда облыстарында (11) тіркелген, деп zattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы және абайсыздығы. Ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырамыз. Кішкентай балалары бар үйлерде жиһазбен терезені жауып қою керек. Москит торлары баланың терезеден құлауынан қорғай алмайды», - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.