Бұл өзгеріс коронавирус індетіне байланысты
Коронавирус індетінің таралуына байланысты 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтар әскери қызметтен босатылмайды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Қорғаныс министрлігінің жаңалығын ерекше атап өткім келеді. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылады. Сәйкесінше әскерге шақыру да уақытша тоқтатылады», - деді Дәурен Абаев.
Еске салсақ, коронавируспен күресу мақсатында елімізде 16 наурызда төтенше жағдай енгізілді. Ал 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланды.