Бес адам ауруханаға жеткізілді
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Екібастұздан 50 шақырым жерден Мәшһүр Жүсіп пен Жаңажол ауылдарының жолында екі көлік соқтығысқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Үш медициналық бригада оқиға орнына 10 минутта жеткен.
«Жеті жастағы ер бала жабық ми зақымы, мидың шайқалуы, жамбас сүйегінің сынуы диагноздарымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілд»і, – деді басқармада.
Сондай-ақ 32, 31 және 25 жастағы екі ер адам түрлі жарақат алды. Оларды да Екібастұз қалалық ауруханаға жеткізді.
Ауыр жарақат алуына байланысты 31 жастағы әйел және 53 жастағы ер адам қайтыс болды.