Италия жағалауында қайық апатынан 41 мигрант суға кетті

Автор: Аманалина Тоғжан

Апаттан 4 мигрант аман қалған

Фото: www.ansa.it

Жерорта теңізінің орталық бөлігінде Италияға жақын маңда қайық апаты болы, 41 мигрант суға кетті. Бұл туралы «Қызыл Крест» ұйымы хабарлады.

3 тамызда Тунистің Сфакс қаласынан жолға шығып, қатты толқынның кесірінен апатқа ұшыраған қайықта 45 адам болған. Арасында 3 бала бар. «Қызыл Крест» ұйымының мәліметінше, 4 жолаушы тірі қалған.