Жетісуда 48 жастағы тұрғын өгей шешесіне қол көтерген

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото ашық дереккөзден

Үштөбенің 48 жастағы тұрғыны өзінің өгей анасын ұрды деген күдікке ілініп, қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

66 жастағы қарт әйелдің денсаулығына зиян келтіргені медициналық сараптамалар бойынша расталды.

Күдікті азаматқа ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық салада 1000-ға жуық құқық бұзушылық тіркелген. 1 шілдеден бастап заңнамаға енгізілген өзгертулерді ескере отырып, полиция қызметкерлері отбасылық жанжал бойынша деректерді анықтай отырып, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтті.