БҚО-да мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған бес шетел азаматы ұсталды – ҰҚК

Автор: Azattyq Rýhy

Олар Еуроодақ елдеріне жол тартқан

2023 жылғы 4 тамызда ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген.

Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан.

«Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды», - делінген хабарламада.