Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Астанада мектеп оқушысының үстіне футбол қақпасы құлап, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.
№10 мектеп аумағында футбол қақпасы 10 жасар баланың үстіне құлады. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталып жатыр.
Қалалық білім бөлімі марқұмның отбасына көңіл айтты.