Оқ жарақатын алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілді
Түркістан облысында 2 адамды атып өлтірген күдіктілер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.
5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен.
Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. «Ұстап алу» жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда.
Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.