Іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Ақтөбе облысын Мәртөк ауданының 17 жастағы тұрғыны үш адамды қағып кетті. Өкінішке қарай жол көлік оқиғасынан зардап шеккен 3 жасар бала жедел-жәрдем көлігінде жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2 тамызда сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі 28 жастағы жаяу жүргінші мен жолдан өтіп бара жатқан екі кәмелетке толмағандарды қағып кетті.
«ЖКО салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, тағы екі жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының ауруханасына жатқызылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.