Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 шілдеде Павлодар облысы аумағында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында психотроптық заттарды әзірлеу үшін және оны одан әрі ТМД елдерінде сату мақсатымен Қазақстанға келген шетелдік азаматтарды анықтады.
Тінту барысында 100 келіге жуық «а-PVP» психотроптық заты, прекурсорлар, сонымен қатар синтетикалық есірткі өндірісіне арналған заманауи құрылығы табылып, тәркіленді. Цех 0,5 гектар аумақты алатын жерде орналасқан.
ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.