Өлім табиғи себептерге байланысты болған
Шымкентте азық-түлік пен киім-кешек базарының маңынан ер адамның өлі денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша өлім қылмыстық сипатта болған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Сыртқы белгілері бойынша қайтыс болған ер кісі белгілі тұрғылықты жері жоқ адам болуы мүмкін.
Өтіп бара жатқан адамдар оқиға орнына құқық қорғау органдарын шақырды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 50 жастағы ер адам қайыр сұраумен айналысқан.
Полициядағылар өлім табиғи себептерге байланысты болғанын мәлімдеді. Тексеру жүргізіледі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.