Әзірге індет 4 қалада анықталып отыр
Қауіпті індет тағы бір қалада анықтады. Ол Талдықорған қаласы. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
«Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 наурыздағы 12.00 сағ. жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Талдықорған қаласында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді», - делілген ресми хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған. Ал, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 19 наурызда карантин енгізілді.