Көшеде ұялы телефондарды сұрап алып, ізін жасырған шымкенттік қыз ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 8 адамды алдап соққан

 Шымкентте полицейлер алаяқтықтың сегіз жайты бойынша күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол қала тұрғындарынан телефон соғу немесе суретке түсу үшін телефондарын алып, қашып кетіп, белгісіз бағытта жасырынып жүрген. Полиция қызметкерлері жәбірленушілердің арыздары бойынша жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктіні жеке басын анықтап, ұстады.

«Ол Шымкент қаласының 24 жасар тұрғыны болып шықты. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша айыптау актісімен бірге сотқа жолданды», -делінген ақпаратта.