Павлодарда хабарсыз кеткен екі азамат іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Екеуі де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған

Фото: polisia.kz

Павлодарда жоғалып кеткен екі азаматтың бірі – 20 жастағы бозбала үйінен шыққан күйі қайтып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Vita» іздеу жасағының мәлімдеуінше, Амантай Ахжар 25 шілдеде сағат 10:00-дер шамасында үйінен шыққан.

«Амантай Ахжар 2003 жылы қаңтардың 8 күні дүниеге келген. Бойы 170 см. Қоңыр көзді, қара шашты, орташа денелі. Үстінде қара футболка, сұр түсті шалбар мен қара спорттық аяқ киімі бар. Амантайды үйінде туған-туыстары күтуде», - дейді еріктілер.

Сонымен қатар «Vita» іздеу жасағының еріктілері 21 шілдеде балыққа кетіп, оралмаған Денис Гавриченконы іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Жақындарының айтуынша, ер адам сол күні ішімдік ішкен. Үйіне келіп шатыр мен бір адамдық қайығын алып балыққа кеткен. Өзімен бірге жеке куәлігі мен ақшасы болған. 

21 шілдеден бері оны да ешкім көрмеген.

«Бүгін біздің еріктілер Денистің соңғы рет қай жерде болғанын және балық аулаған орнын тапты. Жоғалған ер адам Усолка өзеніне келген. Бүгіннен бастап іздеу тобы жігіт болған аумақты зерттеуді бастады», - делінген хабарламада.

Хабарсыз кеткен азаматтар туралы қандайда бір ақпарат білсеңіздер берден 8747 615 55 63 (Катерина) немесе 8777 334 82 01 (Светлана) нөмеріне хабарласуды сұрайды.