Ақтауда кішкентай қыздарға тиіскен ер адам жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған әкімшілік хаттама толтырылды

Фото ашық дереккөзден

Ақтауда кішкентай қыздарға тиіскен ер адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

25 шілдеде кезекші 102 пультіне 28 «а» шағынауданы 1-үйдің жанында ер адамдар арасында төбелес болып жатқандығы туралы қоңырау түскен.

«Учаскелік инспектор шақыруға шықты. Әңгімелесу барысында 47 жастағы ер адамның балаларға тиіскені анықталды. Оған ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі және 449-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды», - делінген хабарламада.