Шымкентте терезеден құлап кеткен 7 жастағы бала мерт болды

Azattyq Rýhy

Бала балконға шығып, артынша құлап кеткен

Шымкентте терезеден құлап кеткен 7 жастағы бала мерт болды
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте 7 жастағы бала терезеден құлап қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қайғылы оқиға 24 шілдеде Есіл көшесінің бойында болған.

«Құтқарушыларға жеті жасар баланың екінші қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Бала аса ауыр дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған», - деп жазады Оtyrar.kz.

Баланың анасының айтуынша, ол дәретханаға кіріп кеткен сәтте бала балконға шығып, артынша құлап кеткен.

«Москит торына сүйенген балалар оның қауіпті екенін түсіне бермейді. Москит торлар жеңіл болғандықтан, бала салмағын көтере алмай, баламен бірге құлап кетеді. Қайғылы оқиғаның алдын алып, терезе қатты ашылмайтын етіп арнайы бекіткіштер орнатыңыз», – дейді ТЖД бөлім меңгерушісі Ирисмат Махмудов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.