СҚО-да 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта күдікті ер адам қамауда отыр

Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 14 жастағы қызды зорлау туралы арыз осы жылдың 4 мамырында Петропавл қаласының полиция басқармасына түседі.

Полиция қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті ер адам қамауда отыр.

«Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар және қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Оқиғаға қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - делінген хабарламада.