Талдықорғанда той кортежі 13 жасар скутер жүргізушісін қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жасөспірім ауруханаға жатқызылды

Бейнеден кадр

Талдықорғанда той кортежі 13 жасар скутер жүргізушісін қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқғасы фактісі бойынша қылмыстық тергеу басталды.

«Сараптама тағайындалды. Автокөлік құралдары арнайы автотұраққа орналастырылған. Тергеу кезінде жапондық шетелдік көліктің жүргізушісіне қатысты «келу туралы міндеттеме» процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды», - деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.