Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жазаланды

Автор: Azattyq Rýhy

Көлік айыптұраққа қойылды

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy полицияға сілтеме жасап.

Telegram парақшалардың бірінде Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба анықталды.

Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тас жолында болғаны анықталды. Көлік иесі Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт.

Жас жігітке ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік айыптұраққа қойылды.

Жүргізуші кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.