Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деп күдіктелуде

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 10 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқаны үшін 10 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Шарттың жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайды.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.