Қарағанды облысындағы табиғи өрттің негізгі алаңы сөндірілді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің жалпы жану алаңы алдын ала 150 га құрайды

Қарағанды облысында Шет ауданының табиғи өртті сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрттің жалпы жану алаңы алдын ала 150 га құрайды, қазір оның 120-130 га сөндірілді. Алайда 20-30 га аумақта өртті сөндіру жалғасуда.

Өртті сөндіруге жалпы ТЖД, орман шаоуашылығының, ЕӨСБ, ЖАО барлығы 139 адам мен 20 бірлік техникасы және 1 Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.