Көліктегі жолаушы жансақтау бөліміне жатқызылды
Қостанайда Suzuki мотоциклінің жүргізушісі жолдан шығып кетіп, жарық бағанына соғылып қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Костанайские новости» жазуынша, 40 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Жол жиегінде ол жарық бағанына соғылған.
«Мотоцикл жүргізушісі алған жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Көліктегі жолаушы жансақтау бөліміне жатқызылды», - делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші көлікті белгіленген жылдамдық шегінен асыра жүргізген.
Тақырыпқа орай: Қазақстанда небәрі бірнеше күнде жол апатынан 24 адам қаза тапты
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша іс қозғалып жатыр.