Ақмола облысында баланы құтқармақшы болған ер адамның өзі суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оны оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар судан алып шықты

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында баланы құтқармақшы болған 1958 жылғы ер адам Щучье қаласының маңындағы көлге батып кетті. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам баланы құтқарғанымен, өзі судан шыға алмай қалған. Оны оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар судан алып шықты.

«Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке массаж жасады. Өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады», - делінген хабарламада.

Ақмола облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.