Оралда 64 жастағы ер адамды көлік қағып, мерт қылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

Орал қаласында 64 жастағы ер адамды көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 шілде күні шамамен сағат 10.00-де «Омега» зауыты ауданындағы көпірде болған.

«УАЗ» автокөлігін тізгіндеген 1947 жылғы жүргізуші көпірде 64 жастағы ер адамды қағып кетті. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Көз жұмған адамның «Жайық Таза Қала» ЖШС қызметкері екені белгілі болды.