Бас сүйегі сынған: Рудныйда 8 жасар бала ағаштан құлады

Автор: Azattyq Rýhy

Бала ауруханаға ес-түссіз күйде түскен

Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысы Рудный қаласында жеткіншек ағаштан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 жастағы жеткіншек ауыр дәрежеде жарақат алған.

«Бала ауруханаға ес-түссіз күйде түсті. Бас сүйегі сынып, ашық ми жарақатын алған. Баланың жағдайы өте ауыр», - дейді ведомство.

Басқарманың мәліметінше, бала Рудныйдан Қостанай облыстық балалар ауруханасына санавиация арқылы жеткізіледі. Баланың одан кейінгі жағдайы облыстық балалар дәрігерлерінің назарында болады.