Атырауда жүк пойызы мен жолаушылар автобусы соқтығысты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам жарақат алған

Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Атырауда жүк пойызы мен қоғамдық көлік соқтығысты. Бұл ақпаратты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Атырау қаласындағы Рауан көшесінде сағат 14:00 шамасында жүк пойызы мен жолаушылар тасмалдайтын қоғамдық көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына жолаушы тасымалдайтын Youtoung маркалы автобустың темір жол бойындағы қорғалмаған аумақпен жүргені себеп болған», -делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам жарақат алған.

Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлікте болған екі адамға медициналық көмек көрсеткен.

Зардап шеккендер облыстық аурухананың травматология пунктіне жеткізілген.