Ақмола облысында ауыл тұрғындары қылмыс істеді деген күдіктіні соққыға жыққан

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам полицияға шағымданған

Фото: polisia.kz

Ақмола облысының тұрғындары ауыл тұрғынына қылмыс жасады деген күдікпен дене жарақатын салған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Ақкөл аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның телефон хабарламасы келіп түскен.

«Ер адам полицейлерге 8 шілде күні кешкі сағат 23:00 шамасында өзіне тиесілі гаражда екі жас жігіттің дене жарақатын салғанын айтты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады», - делінген хабарламада.

Олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған екі жергілікті тұрғын болып шықты.

«Олардың айғақтарына сәйкес, өтініш берушіні қылмысқа күдікті деп танып, ер адамды жазалауға шешім қабылдаған», - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сот сараптамаларының кешені тағайындалды.

«Жанжалға қатысушылардың жеке басы зерттелді. Тергеу барысында қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың іс-әрекеттеріне, болған оқиғаның барлық мән-жайларын ескере отырып бағалау берілетін болады», - дейді полиция өкілдері.