ШҚО-да 23 тонна күкірт қышқылын тиеген жүк көлігі аударылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апаты салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген

Фото: ШҚО Полиция департаменті

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 23 тонна күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 7 шілдеде Күршім ауданындағы Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдарының арасында болған.

«23 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген. Қазіргі уақытта арнайы техниканың көмегімен апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқықтық баға мен кінәлілердің жауапкершілігі заңға сәйкес белгіленеді», - делінген ақпаратта.

Оқиға орнында аудан әкімі мен уәкілетті орган өкілдерінен тұратын комиссия да жұмыс істеп жатыр.