Қайғылы оқиға 4 шілдеде Кербұлақ ауданында болған
Алматы-Өскемен тас жолында ер адам шетелдік көліктің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облшыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол-көлік апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында болған.
«Lexus ES 300 автокөлігін басқарып келе жатқан 34 жастағы ер адам Алматы – Өскемен тасжолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды. Қаза тапқан адам Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның елсіз далада түнгі трассада жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындала отырып, тергеу амалдары басталды.
Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.