Оны жедел жәрдем дәрігерлері құтқарып қалды
Қарағандының Пришахтинск ауданында әйел адам бір уыс таблетка ішіп, суицид жасамақ болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Patriotnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел жәрдем дәрігерлері оны құтқарып қалды - асқазанды шайып, система қойды. Әйел ауруханаға жатқызылды. Оның дәрігерлерге айтқан алғашқы сөздері: «мен несиелерден шаршадым» деген. Қазір әйелдің жағдайы қанағаттанарлық.