Кишинев әуежайында ер адам оқ атты

Автор: Azattyq Rýhy

Жолаушыларды эвакуациялау жүріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Молдова астанасы Кишинев әуежайында оқ атылды. Бұл туралы Молдова полициясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта әуе айлағының қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялауда.

Алдын ала ақпарат бойынша, шекарашылар елге кіргізбей қойған шетелдік оқ атқан. Ер адам шекарашыға қарай атып, әуежайдың бір бөлмесінде жасырынған.

Кишинев әуежайының онлайн-таблосындағы ақпаратқа сүйенсек, әуе қатынасы тоқтатылды. Ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылды.