Қостанай облысында бруцеллез жұқтырғандар көбейді

Автор: Azattyq Rýhy

Барлық жағдайда ауырған адамдар індетті өздерінің үйіндегі жануарлардан жұқтырған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қостанай облысында бруцеллез жұқтырғандар көбейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Алты ай ішінде 21 адамнан осы індеттің таяқшасы табылған. Олардың төртеуі бала. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Ал республикалық орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары.

Бруцеллез дерті ішкі органдарды зақымдап, асқынған жағдайда кемтарлыққа әкеп соқтыруы мүмкін. Індет адамға ауру малдың етін, сүтін тұтынғанда жұғады, деп жазады qazaqstan.tv.

«Барлық жағдайда ауырған адамдар індетті өздерінің үйіндегі жануарлардан жұқтырған. Әзірге олардың арасында дерті асқынғандар жоқ. Тиісті емшараларды қабылдап жатыр», - дейді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.